Полицияның жаңа формасын халық «Темір адамның» киіміне ұқсатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлеріне арналған жаңа форманың бір нұсқасы таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның жаңа формасын халық  «Темір адамның» киіміне ұқсатты

null

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жол-патрульдік полицияның қызметкерлеріне арналған жаңа киім формасы әлі бекітілмегенін хабарлады. Түнде жарқырап тұратын бұл форма қазір Ішкі істер министрлігінің қарауына жіберіліпті.

null  

Ал Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратты кейінірек  таратамыз деп отыр.

null  

Әлеуметтік желі болса, полицияның жаңа формасын талқылап кетті. Біреулер бұл форманы «Темір адамның» киіміне теңестірсе, екіншілері полицияға «ала таяқтарын» қайтарып беру керек деген пікір қалдырып отыр.

null null