Полиомиелитті жұқтыруды болдырмау мақсатында уақтылы вакцинациялау қажет - ҚР ДСМ
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) деректері бойынша қазіргі кезде әлемде полиомиелит бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскенін хабарлайды. 2013 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Сирияның солтүстік-шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында 1 типті полиомиелит ауруының 10 жағдайы тіркелді. Осы ауруға күдікті тағы 12 адамда соңғы диагноз қойылмаған, себебі зертханалық зерттеу нәтижесі күтілуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, әлемде бірнеше ел әлі де полиомиелит бойынша қолайсыз ел болып қалып отыр - бұл Ауғанстан, Нигерия, Пәкістан, Сомали, Кения және Эфиопия.
Вирустың әкелінуі мен Қазақстан Республикасы халқының арасында оның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жіті енжар параличтерді эпидемиологиялық қадағалаудың белсенді жүйесі жүзеге асырылуда. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар тұрақты жүргізіледі.
Тек иммундау жолымен ғана полиомиелиттің алдын алуға болады. Профилактикалық, оның ішінде полиомиелитке қарсы екпелер, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда мемлекеттік бюджет қаражат есебінен жүргізіледі.
Полиомиелитті жұқтыруды болдырмау мақсатында ҚР ДСМ өз балаларыңызды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен мерзімдерде полиомиелитке қарсы уақтылы вакцинациялауды ұсынады.