Полицейлер Павлодардағы дүкеннен бір түнде алкогольді сатудың 6 фактісін тіркеді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жыл басынан облыста алкогольді заңсыз сату бойынша 10 оқиға тіркелген. 7 дүкен спиртті ішімдіктерді ешбір лицензиясыз саудалап келген.

Қалбаки ичимлик
Фото: Department_uz

Құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ мас күйінде қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында полицейлер профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізуде.

- Жыл басынан бері тәртіп сақшылары белгіленген уақыттан тыс алкогольді ішімдік сатудың 10 фактісін, алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз саудалаудың 7 фактісін анықтап, дүкен иелері жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса ішімдік ішіп, мас күйінде қоғамдық орында болғаны 751 азамат тиісті жазасын арқалады,-деп хабарлады өңірлік жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мәселен, Павлодардың Солтүстік полиция бөліміндегі учаскелік полиция инспекторларының назарына Академик Сәтбаев көшесі бойында орналасқан дүкен түскен. Тәртіп сақшылары тексере келгенде кәсіпкерлік субъектісі алкоголь өнімін бір тәулік ішінде белгіленген уақыттан тыс 6 рет сатқан.

Әрбір факті бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Соңғы жаңалықтар