Полиция 25 жыл бұрын Орал қаласында болған екі адам өлтіру қылмысын ашты

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

қылмыс
Фото: Polisia.kz

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.

Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында орын алған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

- Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізілуде. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда, - деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Бұған дейін БҚО-да түрмеге «трамадолдың» 95 таблеткасы сәлемдеме ретінде жіберілмек болған.

Соңғы жаңалықтар