Полиция Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты қылмыстық іс қозғады

Дана Орманбаева
Фото: Instagram/danapartner

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Алматы қаласы тұрғынының әлеуметтік желілерде азамат Д. Орманбаеваның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу мүддесінде басқа мәліметтер жария етілмейді», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін блогер, журналист, қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның Instagram желісіндегі жазбаларының скриншоты Telegram-арналардың бірінде пайда болған еді.

Айта кетсек, бүгін Мәжіліс «Масс-медиа туралы» туралы заңды және кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды екінші оқылымда қабылдады.

Соңғы жаңалықтар