Полиция Екібастұзда төбесі опырылып түскен сауда орталығы бойынша қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

уголовное дело
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Екібастұзда төбесі ойылып, ортасына түскен «Maxi Mall» сауда – ойын-сауық орталығындағы оқиғаны тергеу жұмыстары басталды.

- Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінен.

Еске сала кетейік, кеше түстен кейін Екібастұзда «Maxi Mall» сауда орталығының төбесі опырылып түсті. Опырылған жердің аумағы шамамен 150 шаршы метр.

Төбе конструкциясының опырылуынан 5 адам зардап шеккен. Олардың үшеуі бала екені анықталды.

Зардап шеккендерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Дәрігерлер қарап, алған жарақаттарына амбулаториялық ем тағайындалды.

Бүгін өңірлік денсаулық сақтау басқармасы оқиға кезінде тағы бір баланың зардап шеккенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар