Полиция продюсерден бала кезінде зорлық көргені туралы мәлімдемені тексеріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде зорлық туралы мәлімдеме жасалған бейнежазба тарады.

а
Фото: Видеодан алынған скрин

Бейнежазба авторы Нұрғали Нұғманның айтуынша, ол бала кезінде продюсерден зорлық көрген. 

Алматы қаласының полиция департаменті бейнежазба бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта процессуалдық тексеріс басталған.

- Жазбада көрсетілген барлық мән-жайларды, сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлерді анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты ықтимал зорлық-зомбылық деректері бойынша мұндай өтініштер міндетті түрде құқықтық бағалауға жатады және ерекше бақылауда болады, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция аталған дерек расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін De Lacure төңірегіндегі дауға байланысты Алматы полициясы тергеу нәтижесін жариялады.