POLPHARMA және Назарбаев Университеті жанындағы Өмір туралы ғылым орталығы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - POLPHARMA және Назарбаев Университеті жанындағы Өмір туралы ғылым орталығы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Назарбаев Университетінің коммуникациялар мен маркетинг департаментінен.
None
None

Аталған мәміле медициналық және басқарушы қызмет құрамының біліктілігін арттыруға арналған бағдарламаларды ұйымдастырып, өткізуге жәрдемдесу, сондай-ақ, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мақсатында жасалды. Мәмілеге қол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихаты кезінде баяндамашылар осы құжаттың денсаулық сақтау саласындағы жаңа ғылыми серіктестікті дамытуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бойынша алынған білімдерді пайдалануға, ауру-сырқаттың ауыртпалығын азайтып, өмір сүру сапасын арттыру мүмкіндігіне қатысты екі жақ тараптардың кәсіби және әлеуметтік мүдделерінің ортақ екендігінің көрінісі деп атап өтті.

Polpharma компаниясының Назарбаев Университеті жанындағы Өмір туралы ғылым орталығымен ынтымақтастығы жыл сайын, әрі Polpharma пікірі бойынша екі үздік зерттеушіге шәкіртақы беру түрінде Ғылыми қолдау бағдарламасын құруды қамтиды. Келешекте бұл Бағдарлама мойындалған жағдайда екі жақ Назарбаев Университеті мектептері мен өзге де орталықтарына гранттар мен шәкіртақыларды беру мүмкіндіктерін кеңейтуді қарастырып отыр. Polpharma мен Өмір туралы ғылым орталығының арасындағы өзара тиімді ынтымақтастығы денсаулық сақтау саласында екі жақты тәжірибе алмасу мен зерттеулерді жүргізу үшін поляк университеттері мен ғылыми серіктестермен бұдан ары да әріптестік байланыстарды нығайтуғабағытталады.

Соңғы жаңалықтар