Польшада президенттік сайлау басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Польшада ресми түрде сайлау науқаны басталды, қазіргі кезде фаворит – Варшава мэрі. 18 мамырда ел жаңа президентін сайлайды. Елдің қазіргі басшысы екінші мерзімін аяқтап жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі euronews-ке сілтеме жасап. 

 Рафал Тшасковски
Фото: trzaskowski.pl

Польшада 18 мамырда өтетін президенттік сайлауға дайындық ресми түрде басталды. Жарыс жолына 11 үміткер түсті, түсік жасату құқығы, азаматтық серіктестік, заң үстемдігі мен қауіпсіздік сияқты қоғам үшін маңызды мәселелерге назар аударып отыр. 

Сауалнамаларға сәйкес, бүгінде сайлаушылардың фавориті – Варшава мэрі Рафал Тшасковский. Ол қазіргі билеуші коалицияның жетекші партиясы – «Азаматтық платформаның» өкілі. 

Бұл Тшасковскийдің президенттік сайлаудағы бірінші жарысы емес. 2020 жылы ол «Заң және әділет» оңшыл партиясының кандидаты Анджей Дудамен бірге сайлаудың екінші кезеңіне өтіп, аз ғана басымдықпен жеңілді. 

Мэрдің басты бәсекелесі – Польшаның ұлттық естелік институтының жетекшісі Кароль Навроцкий. Ол оң қанаттың атынан шығып, сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға түсті, бірақ «Заң мен әділеттің» қолдауына ие. 

Аталған кандидаттардан басқа қазіргі кезде сайлауға Сейм спикері Шимон Холовня, «Конфедерация» ұлтшылдар мен еуроскептиктер коалициясының өкілі Славомир Ментцен және «Еркін республикашылар» партиясынан парламент депутаты Марек Якубяк қатысуды жоспарлап отыр. 

Биыл Польшаның қазіргі президенті Анджей Дуданың екінші мерзімі аяқталады және заң бойынша ол қайтадан сайлауға түсе алмайды. 

Польшадағы мемлекет басшысы саяси векторды анықтауда елеусіз рөл атқарады және парламенттік заң жобалары мен үкімет бастамаларына вето қоюға құқылы.

Айта кетейік, 18 мамырда өтетін сайлауға сайлаушылардың 67 пайызы қатысуды жоспарлап отыр. 

Бұған дейін Ердоғанның қайтадан президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар