Польшада су тасқынына байланысты табиғи апат режимі енгізіледі

Польшада су тасқыны
Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Польша премьер-министрі Дональд Туск «Борис» циклоны салдарынан болған су тасқынына байланысты табиғи апат режимін енгізу туралы елдің Министрлер кеңесінің қаулысын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды DW.

Бұған дейін Туск елдің Қаржы министріне су тасқынының зардаптарын жою және шұғыл көмек көрсету үшін қаражат бөлуді тапсырған, сондай-ақ Қорғаныс министрінен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қосымша күш жіберуді сұраған.

«Біз ешкімді тағдыр тәлкегіне қалдырмаймыз», - деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында. 

Польшаның оңтүстік-батысындағы Строне-Сленске қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бөгет жарылды. Полиция сонда қалған адамдарды қауіпсіз аймақтарға жеткізу үшін оқиға орнына құтқару тікұшағын жіберді. 

Бұған дейін Польшада қатты су тасқынына байланысты төтенше жағдай қалыптасқаны хабарланған болатын. Бяла-Глухоласка өзені арнасынан асып, Глухолаза қаласын су басты. Қала әкімі көмекке шақырды. 

Поляк армиясының төрт мың жауынгері жауынгерлік әзірлікте екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram