20:55, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
Полторанин Эстонияда 10 шақырымдық жарыста жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Эстонияның Альба қаласындағы FIS стартында классикалық стильдегі 10 шақырымдық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші және үшінші орынды сәйкесінше, эстондық Райдо Ранкель мен Андреас Веерпалу иеленді.
Айта кетейік, бұл Полтораниннің осы маусымдағы соңғы халықаралық старты - ол Канададағы Әлем кубогына қатыспайды. Алексей 20-28 наурыз аралығында Риддерде өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.
Шаңғы жарысы. Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жарыстары. Альба (Эстония)
Ерлер. Спринт. Классикалық стиль.
1. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 26:30.4
2. Райдо Ранкель (Эстония) - +23.0
3. Андреас Веерпалу (Эстония) - +35.7.