Поляк азаматы суда қалқып жүретін жүзбелі үй салды

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Камил Заремба есімді поляк азаматы өмір бойы үйінің терезесі алдындағы көріністің ауыспалы болуын армандаған көрінеді.

Поляк азаматы суда қалқып жүретін жүзбелі үй салды

Бірнеше жыл бұрын оның туған қаласы Вроцлавта су тасқыны кезінде бұл азаматтың мүлкінің басым бөлігі жарамсыз болып қалған екен. Осыдан кейін Камил суда қалқып жүретін жүзбелі үй салуға бел буады.

Бір қызығы, осы іргетассыз үйдің құрылысы жерде салынатын кәдімгі баспанаға қарағанда арзанға түскен екен.