Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық босап шықты

Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық босап шықты
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жерлесіміздің ұсталғанын растады.

«Біздің азамат Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ол босатылды. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық туристің ұсталғаны туралы хабарлаған едік. 

Жерлесіміз Помпеи археологиялық паркіндегі Цеев үйінің ежелгі қабырғасына «ALI» сөзін жазған. Ер адам келген залалды өтейтін болды.

Соңғы жаңалықтар