Поп-жұлдыздар қазақстандықтарды отпен ойнамауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстрада жұлдыздары қазақстандықтарды өртті болдырмау мақсатында әсіресе, жылу маусымының басталуына орай қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыратын видеороликке түсті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Поп-жұлдыздар қазақстандықтарды отпен ойнамауға шақырды

Өрттен абай болуға ескертумен Әли Оқапов, Айқын, Қайрат Баекенов, Rin'Go және МузАрт топтары шықты. Ролик Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің тапсырысы бойынша түсірілді. Ведомство деректеріне сәйкес, жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 600 өрт орын алады. Салдарынан 20-дан астам адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақаттанады. Әр жылы өрт сөндірушілер 100-ден астам адамның өмірін құтқарып қалады, 3 мыңнан астамы эвакуацияланады.