Попко ITF Futures турнирінде топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бейкерсфилдегі жүлде қоры 25 мың доллар тұратын турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Попко ITF Futures турнирінде топ жарды

Финалда отандасымыз германиялық Себастьян Фанзеловқа қарсы ойнаған болатын. Попко екі сетте де қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Попко Анталиядағы ITF Futures турнирінде топ жарған еді.