Порошенко Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігін Мариупольге ауыстыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Петр Порошенко Донецк облысы меммемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Сергей Тарутаға әкімшілік кеңсесін уақытша Мариупольге ауыстыруды тапсырды. Бұл туралы украиндық президент баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлады Утро.ру.

Порошенко Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігін Мариупольге ауыстыруды тапсырды

«Мариупольде украиндық әскерлердің ерлігінің арқасында қалада жағдай тұрақталды. Осыған байланысты Донецк облысы мемлекеттік әкімшілігі жұмысын осында ауыстыру орынды деп санаймын», деп атап өтті мемлекет басшысы.