Порошенко ХВҚ-дан қосымша қаржылай көмек сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Президенті Петр Порошенко мен ХВҚ директоры Кристин Лагард елдегі экономикалық ахуалды және тараптардың Stand-By ХВҚ бағдарламасының шеңберінде міндеттемелерді орындау барысын талқылады, деп хабарлады Интерфакс мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Петр Порошенко Кристин Лагардқа Украинаның Халықаралық валюта қорының алдындағы міндеттемелерінің орындалуындағы жүйелілікті мәлімдеді. Президент ХВҚ-ны Украина үшін қаржылай көмекті ұлғайтуды қарастыруға шақырды», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Лагард Украинаға қолдау көрсетіп, жаңа үкіметтің парламенттік коалициясының құрылуына оң баға берді. «Бұл Украинада реформаларды жүзеге асыруға және қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін болады», - деп атап өтті ол.