Порошенко Украинаға бітімгершілік контингентінің кіргізілуіне қарсы екенін жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Петр Порошенко Украинаның оңтүстік-шығысына бітімгершілік контингентінің кіргізілуіне қарсы екенін білдірді, деп хабарлады РБК.
«Донбасста ешқандай бітімгершілік контингенті болмайды. Өткені Приднестровье және өзге де жерлегеі контингенттің кіргізілу тәжірибесі елдің егемендігінен айырылуына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан Украинада ешқандай бітімгершілік күштері болмайды», - деді ол.
Осыған дейін Украина аумағына бітімге келтірушілерді кіргізу туралы ұсынысты елдің экс-президенті Леонид Кучма жасаған еді. «Украина мен Ресей шекарасына «құлып салмай», бейбітшілік туралы айту жөн емес. Шекараны бақылауға ЕҚЫҰ-ны немесе одан да жақсысы БҰҰ-ның бітімгершіл күштерін тарту керек. Сонда біз сенімдірек болар едік», - деді ол.