Порошенко ұлықтау күні ата болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Президенті Петр Порошенко ұлықтау рәсіміне орай кешкі салтанатты қабылдауда немересі дүниеге келгенін айтты, деп хабарлады Интерфакс.
None
None

«Украиндықтар бір адамға көбейді, мен ата болдым», - деді Порошенко.

Сенбі күні Жоғарғы раданың ғимаратында Порошенко Украина Президенті ретінде ант берді.

Украина Президентінің төрт баласының ішінде үлкен ұлы 28 жастағы Алексей өткен жылғы қыркүйекте үйлену тойын өткізіп, McKinsey & Company консалтингтік фирмасында топ-менеджер болып қызмет істейтін киевтік Юлия Алихановаға үйленген болатын. Алексей мен Юлия Франциядағы халықаралық бизнес-мектебінде бірге оқыған.

Соңғы жаңалықтар