Porsche компаниясының табысы төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM — Спорттық автокөлік өндірушісінің салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайдасы 2025 жылы 310 миллион еуро болды. Осылайша Porsche пайдасының 91,4% азайғанын тіркеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Porsche акциялары күрт төмендеді
Фото: Азертадж

Табыс шамамен 10% төмендеп, 36,3 миллиард еуроға жетті. Бұған Қытай нарығындағы мәселелер, АҚШ-тың тарифтерге байланысты жоғары шығындар және іштен жанатын қозғалтқыштардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған стратегия себеп болды.

Porsche компаниясының жаңа бас директоры Михаэль Лайтерс өзінің модельдік құрамын қайта құруға және үнемдеу шараларын жүзеге асыруға уәде береді. Бірақ мұның бәрі күрделі нарықтық жағдайлар мен геосаяси тұрақсыздық жағдайында орындалмақ.

Volkswagen канцернің салықтардан кейінгі таза пайдасы 2025 жылы шамамен 44% төмендеп, өткен жылғы 12,4 миллиард еуродан 6,9 миллиард еуроға дейін азайған болатын. Алайда табыс өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, шамамен — 322 миллиард еуро. 

Айта кетейік, былтыр елімізде 235 мың автокөлік сатылды. Олардың арасында отандық өнімнің үлесі басым.

Соңғы жаңалықтар
Референдум