Португалдардың сүңгуір кемесі ауға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалдардың Tridente сыныбына жатқызылатын сүңгуір кемесі Ұлыбритания жағалауында француздық траулердің ауына түсіп қалды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Сүңгуір кеме Лам-Манш бұғазындағы аралдан Ұлыбритания теңіз күштерімен бірге жүзіп жүрген. Экипаж бір уақытта кеменің жүруіне бірдеңе кедергі келіп тұрғанын байқаған.

Су бетіне көтерілгенде ғана, су асты кемесінің жақын маңда жүрген француздардың «Дайтон» атты тарулерінің балық аулайтын ауына оралып қалғанын көрген. Су асты кемесі аудан шығарылды.

Tridente сыныбындағы сүңгуір кеме электрмен жүреді, дизельдік қозғалтқышын тек су бетіне шыққанда ғана пайдаланады. Оның ұзындығы - 68 метр, сыйымдылығы екі мың тонна.

Соңғы жаңалықтар