Португалия-Франция: 1-таймда есеп 0:0
Алғашқы минуттан бастап Франция құрамасы белсенді болды, португалдар қорғануға көшті.
8 минутта Криштиану Роналду Франция құрамасының ойыншысы Димитри Пайетпен соқтығысып қалды. Француз құрамасының ойыншысы португалдықты тізесінен соғып өткен.
Бастапқыда Роналду жарақаты жеңіл секілді көрінген, ауырсынғанына қарамастан сылти басып ойнап жүрді. Алайда 25 минутта португалдық алаңға жата кетті, оны зембілге салып трибуна астындағы ғимаратқа алып кетті.
10-шы минутта «көк формадағы» форвард Антуан Гризманн қақпаның үстіне допты баспен соғып бағыттады, Португалия құрамасының қақпашысы Руй Патрисиу допты қағып алды.
Бұдан кейін Оливье Жиру бұрыштан португалдық голкиперге доп бағыттады. Содан соң француздардың жартылай қорғаушысы Мусса Сиссоко бірнеше мәрте қақпаға доп салатындай әрекет жасады.
Бірінші тайм ортасында француздардың өршеленген шабуылын қарсыластары тойтара білді. Ойын соңында көрермендер қақпаға кірген допты көре алмады.