Португалия-Франция: негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Португалия мен Франция арасындағы финалдық матчтың екінші таймында да жеңімпаз анықталмады. Есеп таблосы - 0:0 қалпынан өзгермеді.
None
None

Екінші қырықминуттықта алаңда жағдай өзгермеді. Дидье Дешама ізбасарлары қарсыластарына қысым көрсетіп, алаңда басым жүрді.

Антуан Гризманн тағы да көзге түсті. 59-шы минутта француздардың үздік шабуылшысы бұрышқа таяу доп жберіп, айып алаңында оны қуып жеті. Алайда португалдар голкипері Руй Патрисиу өзіне сенімді болатын.

Біршама уақыттан соң Гризман былғары допты Кингсли Команадан алып қақпаға тепті, алайда ол қақпаның үстінен ұшып өтті.

76-шы минутта Оливье Жиру қарсыластарының айып алаңында жақсы жерге орналасты, сол жерден «Арсенал» форварды алыс бұрыштан әрі қатты әрі дәл доп жіберді. Португал голкипері сол мезетте үлгеріп қақпасын қорғап қалды.

80-шы минутта Нани мен Куарежма бастаған португалдар сирек қарсы шабуыл жасады. Нани қақпа үстін көздеген, француз голкипері Уго Льорис допты Куарежма аяғынан қағып алды.

Үш минуттан соң Сиссоко алыс бұрыштама соқты. Руй Патрисиу оқтай ұшқан допты секіріп қағып түсті.

93-шы минутта Патрис Эвра Андре-Пьер Жиньяка добын алып кенет бұрылып, таяу бұрыштама бағыттады. Бірақ доп қақпа шетіне соғылды.

Осылайша командалар алаңда жарты тағы жарты сағаттай уақыт жүруіне тура келеді, өйткені негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. 

Соңғы жаңалықтар