09:09, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Португалия мен Кот д'Ивуар тең ойнады
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының G тобындағы Португалия мен Кот д'Ивуар тең ойнады, есеп - 0:0.

ОАР-дың Порт-Элизабет қаласындағы Нельсон Мендал стадионында өткен доп додасы барысында екі құрама да бір-біріне сан мәрте қауіпті сәттер туындатқанынмен есеп аша алмады.