Португалия президенті ұлттық құрама футболшыларын ордендермен марапаттамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза Еуро-2016 чемпиондары атанған футбол бойынша ұлттық құраманың ойыншыларын еңбегіне қарай орденмен марапаттау шешімін қабылдады.
None
None

 Мәлімдеме Париждегі шешуші ойынның соңында жасалды, деп жазды life.ru португалиялық Record  газетіне сілтеме жасап.

- Ойынның қалай аяқталатынына қарамастан ойыншыларға орден берілетіні туралы шешім қабылданды, - деді президент. - Оның дәрежесі ғана нәтижесіне байланысты болуы тиіс еді. Бұл өміріміздегі ерекше сәт».

 Еске сала кетейік, 10 шілдеде футболдан Еуропа  чемпионаты Франция және Португалия құрамаларының ойынымен аяқталды. Тарихта алғаш рет португалиялық футболшылар Еуропа чемпионы атанды.  Ойынның 110-шы минутында Эдер гол соқты.

Соңғы жаңалықтар