08:21, 11 Шілде 2022 | GMT +5
Португалияда орман өртеніп, 32 адам зардап шекті
ЛИССАБОН. ҚазАқпарат - Португалияда орман өрті болып, 32 адам зардап шекті. Бірнеше күннен бері елдің орталығы мен солтүстігінде 1,5 мың өрт сөндіруші тілсіз жауды ауыздықтауға тырысқанымен, өртті тоқтату мүмкін болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.
Төтенше оқиға салдарынан бірнеше ауылдың тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Синоптиктердің болжауынша, жақын арада ауа температурасы 45°С-қа дейін көтеріледі, бұл жаңа өрттің шығу қаупін арттырады.
Фото: ru.euronews.com