Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Португалияда орман өрті өршіп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияда орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жау Авейру қаласына таяп қалған, деп хабарлады www.24.kz.

Португалияда орман өрті өршіп тұр

Құрбандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір елде 500-ден астам өрт ошағы тіркелген. Отты ауыздықтауға 5 мыңға жуық маман мен 32 ұшақ қатыстырылып жатыр. Өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар да көмектесуде. Алайда аптап ыстық пен күшті желдің кесірінен қызыл жалын ырық бермей тұр.