02:52, 21 Маусым 2017 | GMT +6
Португалияда өрт сөндіріп жүрген ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияның орталық бөлігіндегі өртті сөндіруге қатысып жүрген ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС EFE порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзірге ұшақтың құлауына байланысты мерт болғандар туралы мәлімет жоқ.
Оқиға өрттің салдарынан 64 адам мерт болып, 157 адам зардап шеккен Педроган-Гранди елді мекенінде болды.
Португалияда өрт 17 маусым күні күндіз басталды. Қазіргі таңда тілсіз жаумен күреске 2 мыңға жуық адам қатысуда.