00:28, 05 Мамыр 2013 | GMT +5
Португалияда тағы 30 мың шенеунік қысқарады
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Португалияның премьер-министрі Педру Пасуш Коэльо мемлекеттік секторда 30 мың жұмыс орны қысқаратынын жариялады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ол бұл шара халықаралық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жасалып отырғанын түсіндірді.
Ел халқына өзінің үндеуінде Коэльо сондай-ақ шенеуніктер үшін зейнетке шығу жасы бұрынғыдай 66 жасқа дейін төмендейтінін атап өтті.