Португалиядағы челленджер турнирінде Қазақстаннан екі теннисші өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 257-ракеткасы Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турниріне жолдама алды.

теннис
Фото: Kazinform

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 270-ракеткасы, мажарстандық Жомбор Пирошпен кездесуі тиіс болатын.

Алайда Ж.Пирош матчқа келмей қалды да, Д.Евсеев ойнамастан негізгі турнирге өтті.
Д.Евсеевтің негізгі жарыстағы қарсыласы кейін анықталады.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық, әлемнің 167-ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда рейтингіде 200-орындағы италиялық Маттео Гигантемен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының іріктеу жарысын екінші орынмен түйіндегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды

Соңғы жаңалықтар