Португалиядағы аса ірі жол-көлік апаты: 5 адам қаза тауып, 70-тен астамы түрлі дене жарақаттарын алды

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Португалияның Авейру аймағындағы автокөлік жолында 50-ден астам көліктің соқтығысуынан, бес адам қаза тауып, жетпістен астам адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп жазады mail.ru сайты.

Португалиядағы аса ірі жол-көлік апаты: 5 адам қаза тауып, 70-тен астамы түрлі дене жарақаттарын алды

Басында он жеңіл көлік пен екі жүк машинасы соқтығысып, одан кейін оларға қатты жылдамдықпен келе жатқан өзге де көліктер соғысады. Жағдайды апаттар салдарынан туындаған өрт ушықтырып жіберді. Жол-көлік оқиғасына жолдың шамалы көрінуі себеп болды.

Көлік апаты орын алған жерге алғашқы көмек көрсету үшін және адамдарды қауіпсіз жерге жеткізу мақсатында 200-ден астам құтқарушы мен үш тікұшақ жіберілді. Euronews телеарнасына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС, зардап шеккен 48 адамның жағдайының аса ауыр екенін хабарлайды.