Португалиядағы сайлауда социалистер жеңіске жетті
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Елдің қазіргі премьер-министрі Жозе Сократеш басқаратын Португалияның Социалистік партиясы Португалиядағы парламенттік сайлауда жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Дауыстардың 99 пайызын санағаннан кейін Социалистік партия 36,6 пайызға ие болды, оның басты қарсыласы - 68 жасар Мануэль Феррейра Лейте басқаратын консервативті Социал-демократиялық партиясы 29,1 дауыс жинады.
Үшінші орында 10,5 пайыз дауыс жинаған Социал-демократиялық орталық - Халық партиясы.