Португалиядан Қазақстанға халықаралық іздеуде болған қарақшы экстрадицияланды - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін алғаш рет Қазақстанға Португалия елінен қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған қазақстандық азамат экстрадицияланды.

Португалиядан Қазақстанға халықаралық іздеуде болған қарақшы экстрадицияланды - ҚР Бас прокуратурасы

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Е.Өтемісовті қарақшылық шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікке тарту үшін Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Өтемісов 2004 жылы «Авилон-7» ЖШС-ның күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасап, компанияның мүліктерін алып кеткен қылмыстық топтың мүшелерінің бірі болды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Е.Өтемісов Коимбра қаласында (Португалия) ұсталып, қамауға алынған болатын.

Қазақстанның Бас прокуратурасының ұсынысы бойынша Коимбра қаласының соты күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарды.

Осы дерек Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жағдайының жақсарғанын, Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияның негізгі талаптарына жауап беретін адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді кепілдіктерінің жасалғанын куәландырады.