Португалияға саяхат жасағандар Бразилия мен Грекияға маймыл шешегін кіргізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилия мен Грекия Португалиядан оралған саяхатшылардың маймыл шешегі вирусын жұқтырып келгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Brazilian Report және Greek City Times-қа сілтеме жасап.

Португалияға саяхат жасағандар Бразилия мен Грекияға маймыл шешегін кіргізді

Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Португалиядан келген науқастан маймыл шешегі анықталған. Онда 20 мамырда инфекция белгілері, атап айтқанда қалтырау, дененің ауырсынуы, қызыл бөртпе пайда болған. Науқас бақылауға алынды.

Грекияның денсаулық сақтау агенттігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, бұл елде де Португалияға барып келген саяхатшының сирек вирус жұқтыру фактісі расталған. Науқас ауруханада жатыр, денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Бұған дейін ҚазАқпарат Еуропа мен Солтүстік Америкада маймыл шешегіне шалдыққандар саны 780-ге жеткені туралы хабарлаған болатын.