Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Португалияның экс-премьері БҰҰ Бас хатшысы атануға басты үміткер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияның экс-премьері Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің вето қоюға құқығы бар 5 тұрақты мүшесінің ешбірі оның кандидатурасына қарсы дауыс бермегеннен кейін БҰҰ-ның бас хатшысы болуға басты үміткерге айналды.

Португалияның экс-премьері БҰҰ Бас хатшысы атануға басты үміткер болды

Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.

Айта кетейік, БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау бейсенбі, 6 қазан күні сағат 10.00-де (Астана уақытымен 20.00) өтеді.

БҰҰ құрылған 70 жылдың ішінде ұйымды сегіз Бас хатшы басқарды. Жаңа сайланатын Бас хатшы өз міндетіне 2017 жылдың қаңтарында кіріседі. Оның өкілеттік мерзімі - бес жыл. Бұл мерзім БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсынысымен тағы бір бесжылдыққа ұзартылуы мүмкін.