Пошта арқылы жөнелтілетін есірткі заттары қалай анықталып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Пошта арқылы есірткі жөнелтуге тырысатындар анықталып жатыр. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы айтты.

Пошта арқылы жөнелтілетін есірткі заттары қалай анықталып жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

Бүгін Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер пошта арқылы жіберілетін заттардың арасында заңсыз есірткі тасымалы бойынша неше дерек анықталғанын сұрады.

Өз кезегінде Ә. Жанасова қазір «Қазпошта» құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын айтты.

- Екі жылда не істедік? Бұл проблема бойынша осы деректердің анықталуына көмектесіп жатырмыз. Біздің қоймалар мен заттарды сұрыптау ғимараттарында үйретілген иттерді ұстаймыз. Осы иттер арқылы заңсыз заттар анықталып жатыр. Барлық қоймада рентген аппараттар орнатылған. Биыл 7 оқиға (есірткіге қатысты) анықталып, оны құқық қорғау органдарына хабарладық. Былтыр осындай 5 жағдай анықталды, - деді «Қазпошта» басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Пошта туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар