Поштада жарылғыш зат салынған хат залалсыздандырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландияда поштада жарылғыш құрылғы орнатылған хаттың алдын орау мүмкін болды, деп хабарлайды жергілікті полиция.
Жарылғыш зат Лондондерри қаласында роботтың көмегімен анықталды. Солтүстік Ирландияның әділет министрі Дэвид Фордтың айтуынша, аталған хатқа орнатылған қондырғы адамдардың өміріне айтарлықтай қауіп төндірген.
Әзірге, бұл терактілік әрекетке қандай ұйымның қатысы бары белгісіз. Алайда полицияның күдігіне Солтүстік Ирландиядағы бейбіт үдеріске қарсы шығып отырған ұлтшыл-республикашылдар ілігіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы қазан айында Солтүстік Ирландия үкіметі орналасқан Белфастегі Стормонт қамалынан адамдар жаппай көшірілген еді. Мұндай қадамға баруға резиденцияда Солтүстік Ирландия істері бойынша британиялық министрі Тереза Вилльерске арналған хаттан жарылғыш құрылғының табылуы себеп болды, деп жазады Росбалт.