Поштамен жіберілген сәлемдеменің арасынан тірі мысық шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияда поштамен жіберілген заттардың арасынан тірі мысық табылды. Белгілі болғандай, DVD-дің орнына қателесіп қорапта бір қаладан екінші қалаға мысықты салып жіберген.
Капкейк есімді мысық қорап ішінде сегіз күн болған. Ветеринарлардың айтуынша, мысық су болмағандықтан зардап шекті, алайда аман.
Микрочип бойынша, иесінің аты мен мекен-жайы анықталды. Бұл Сассекс графтығындағы Вортинг қаласында тұратын Джулия Бэгготт.
Қожайыны ветеринарларға қалайша сәлемдеме арасында мысығының болғанын өзі де түсінбейтінін айтты, деп жазды Би-би-си.