Посткеңестік кеңістікте алғаш рет журналистердің «Өз кәсібінің үздігі» халықаралық конкурсы өтеді

АЛМАТЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Посткеңестік кеңістікте алғаш рет журналистердің «Өз кәсібінің үздігі» халықаралық конкурсы өткізілуде.

Посткеңестік  кеңістікте алғаш  рет журналистердің  «Өз  кәсібінің  үздігі»      халықаралық конкурсы   өтеді

Шараны Журналистер одақтарының халықаралық конфедерациясы ұйымдастырып отыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа осы ұйымның бас хатшысы, конкурстың ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ашот Джазоян хабарлады.

Конкурстың мақсаты - еуразиялық журналистиканың түрлі бағытында жұмыс істейтін үздік кәсібилерді анықтау, ал конкурстың тақырыбы - «Мен осылай өмір сүремін». «Үздік телесюжет», «Үздік радиорепортаж», «Баспасөз беттеріндегі үздік мақала», «Интернет-басылымдағы үздік мақала», «Үздік фотожұмыс» аталымдары бойынша үздік журналистерді анықтайтын конкурстың жүлделік қоры 500 мың рубльге жетеді.

Конкурсқа материалдар ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Одан кейін қазылар алқасы конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтайды. Наурыз айында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Конкурстың шарттары eurasia-media.ru сайтында жарияланып отыр.