Потоси қаласы Бүкіләлемдік қауіп төнген мұралар тізіміне енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дохадағы (Катар) Бүкіләлемдік мұралар комитетінің отырысы барысында Потоси қаласын (Көпұлтты Боливия мемлекеті) Бүкіләлемдік қауіп төнген мұралар тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарланды ЮНЕСКО-ның баспасөз баянында.
Серро-Рико тауының етегінде пайдалы қазбаларды үздіксіз және бақылаусыз өндіру салдарынан қаланың жағдайы елеулі нашарлай түсіп отыр.
XVI ғасырда Потоси әлемдегі ірі өнеркәсіп кешені саналды. Күміс рудасын өндіру бірқатар гидравликалық жел диірмені арқылы атқарылды. Мұнда Серро-Рико өнеркәсіп ескерткіштері бар, онда сумен жабдықтау күрделі авкедуктер және жасанды көлдер арқылы қамтамасыз етілген, сондай-ақ колониалдық қала және Каса-де-ла-Монеда шақа сарайы, Сан-Лоренцо шіркеуі, патрицийлердің бірнеше үйлері, жұмысшылар өмір сүрген үй-жайлар бар.
Комитет өз шешімінде тарихи нысанның қазба байлықтарды өндіру жұмыстарының салдарынан құрып бара жатқанын, қорғаудың жеткіліксіздігін, қорғау заңнамасының тиімсіз орындалуын, гидравликалық кешеннің қоршаған ортаға ықпалын және қаланың тарихи маңызын атап өтті.
Потоси қаласы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 1987 жылы алынған болатын.
Бүкіләлемдік мұралар комитетінің 38-ші сессиясы 15 маусымда шейх Әл Маяс бинт Хамад бин Халифа Әл Танидің төрағалығымен ашылды және 25 маусымға дейін жалғасады.