Поветкин бүгін Мануэль Чаррмен жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ресейлік боксшы Александр Поветкин Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрлықаралық чемпионы атағы үшін германиялық Мануэль Чаррмен жұдырықтасады. Жекпе-жек Мәскеуде өтеді.
None
None

Бұл туралы "Қазспорт" хабарлайды. «Лужникиде» өткен салмақ өлшеу рәсімінде ресейлік боксшы қарсыласынан 10,2 келіге жеңіл болып шықты. Поветкиннің салмағы - 102,0 келі, Чаррдың салмағы - 112,2 келі.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста қатарынан 26 кездесуде жеңіске жеткен Александр Поветкин 2013 жылдың қазанында Мәскеуде украиналық боксшы Владимир Кличкодан жеңіліп қалды. Ал Мануэль Чаррдың еншісінде 26 жеңіс пен 1 жеңіліс бар. Ол 2012 жылы украиналық боксшы Виталий Кличкодан жеңілген.

Соңғы жаңалықтар