15:00, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Поветкин мен Кличко арасындағы салмақ айырмашылығы 7 келіден асады
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Украиналық ең ауыр салмақтағы боксшы Владимир Кличко өзінің қарсыласы ресейлік Александр Поветкиннен салмағы 7,2 келіге ауыр болып шықты, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Кездесу алдында Мәскеуде өткен ресми түрде салмақ өлшеу барысында Кличконың салмағы 109,6 келіні көрсетсе, Александр Поветкиннің салмағы 102,4 келі болған.

Шараға сонымен қатар, орташа және жартылай орташа салмақтағы бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Заб Джуда, Виталий Кличконың бұрынғы қарсыласы британдық Дерек Чисора, сондай-ақ, 1968 жылғы олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы Джордж Форман қатысты
Еске сала кетейік, 1996 жылғы олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы Владимир Кличко мен 2004 жылғы Олимпиаданың триумфаторы, әлем чемпионы Александр Поветкин арасындағы кездесу Мәскеуде 5 қазан күні «Олимпийский» спорт кешенінде өтеді. Кіші Кличконың есебінде 63 кездесуден 60 жүлде бар, Поветкин өзі қатысқан барлық 26 матчтың жеңімпазы.