07:59, 31 Мамыр 2014 | GMT +5
Поветкин неміс боксшысын нокаутпен жеңді - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Александр Поветкин 8 ай үзілістен кейін неміс боксшысы Мануэль Чаррмен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокутпен ұтты, деп жазады Би-Би-Си.
Мәскеуде өткен жекпе-жек жетінші раундта ресейліктің жеңісімен аяқталды.
Осыған дейін ол 2013 жылдың қазанында Мәскеуде өткен кездесуде украиналық боксшы Владимир Кличкодан жеңіліп қалған болатын.
Ал бұл жеңістен кейін Поветкин Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрлықаралық чемпионы атағына ие болды.