Поветкин - Уайлдер жекпе-жегі 21 мамырда Нью-Йоркте өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Александр Поветкиннің мен Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деонтей Уайлдермен жекпе-жегі 21 мамырда өтуі мүмкін.

 Поветкин - Уайлдер жекпе-жегі 21 мамырда Нью-Йоркте өтуі мүмкін

Бұл туралы америкалықтың промоутері Лу Дибелла мәлімдеді, деп хабарлады"Ринг-ТВ".

Кездесуге дайындалу жұмыстары 2016 жылы мамырдың соңында жекпе-жек болады деген есеппен жүргізіліп жатыр. Жекпе-жек 21 мамырда Нью-Йоркте "Баркли- Сентр" аренасында өтуі мүмкін.

WBC екі боксшының өкілдерін 26 ақпанға дейін келісімге келуге міндеттеді. Поветкин ВБС титулына міндетті үміткер, сондықтан ол Уайлдердің келесі қарсыласы болуы тиіс.

Америкалық 36 жеңіске жеткен (35 нокаутпен), жеңіліп көрген емес. Поветкин 30 рет басым түсіп (22 нокаутпен), бір рет сүрінді.