Поветкинмен міндетті түрде айқасамын - Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Уайлдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемионы Деонтей Уайлдер ресейлік Александр Поветкинмен міндетті түрде айқасатындығын мәлімдеді.

Поветкинмен міндетті түрде айқасамын - Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Уайлдер

29 жастағы американдықтың айтуынша, қазір келіссөз жүргізілуде. Еске салсақ, екі боксшы да келесі жекпе-жегін күзде өткізеді, алайда олардың қарсыластарының кім екені әзірге белгісіз.

«Мен ешкімнен қорықпаймын. WBC титулын жеңген кезде мықты чемпион болуға уәде бергенмін, - деген сөзін келтіреді boxingscene.com. - Ақша үшін айқасу мақсатым емес. Менен титулды тартып алуға ниетті боксшылармен бақ сынасқым келеді. Бұған Поветкин үміткер, қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз.