Пойыз апатынан 4 адам көз жұмды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында теміржол апатынан 4 адам қаза болып, тағы 67 жолаушы жараланды, деп жазады newsru.com.
Олардың 11-і хал үстінде жатыр. Ішінде шамамен 150 адамы бар пойыз шаһардың Бронкс ауданында рельстен шығып кеткен. Оқиға орнына Нью-Йорктің өрт сөндіру департаментінің 130-дан астам қызметкері мен жүзге жуық жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Апат себебі қазірге белгісіз.