Пойыз автобусты соғып, 32 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Македонияның оңтүстігіндегі теміржол өткелінде пойыз бен автобус қақтығысты.

Пойыз автобусты соғып, 32 адам зардап шекті

Апат салдарынан 32 адам зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті билік органдары мәлім етті. Құтқарушылардың айтуынша, ауыр жарақаттанған үш адам Скопье қаласындағы ауруханаға жіберілген.

Келеңсіз жағдай шамамен Македониядан 100 шақырымдай жерде орын алған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, автобус жүргізушісі жабық шлагбаумға қарамастан өтіп кетпек болған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.