Пойыз бен трактордың соқтығысуы салдарынан 13 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Норфолк графтығындағы Раудхэм кентінде жолаушылар пойызы трактормен соқтығысты. Оқыс оқиға кезінде пойызда 130 жолаушы болған.

Пойыз бен трактордың соқтығысуы салдарынан 13 адам зардап шекті

Трактор жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Тағы 12 жолаушы түрлі жарақат алды.

Алты жолаушыға ақ халаттылар оқиға орнында көмек көрсетсе, қалғанын ауруханаға жеткізді.