Пойыз марафонға қатысушылардың жолын бөгеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Аллентаун қаласындағы марафонға қатысушылар жүгіру кезінде күтпеген кедергіге тап болды. Өте баяу қозғалған жүк құрамы спортшылардың жолын бөгеді, тіпті спортшылар пойыздың өтуін 10 минут күткен.
Пойыз мыңға жуық желаяқтың жолын бөгеді. Кейбір спортшылар жарысты жалғастыру үшін, өз өмірлерін қатерге тігіп, вагондардың арасынан секіріп өтті.