23:51, 26 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Пойыз рельске шығып кеткен бронетранспортёрді қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Швецияда Стокгольмның маңында пойыз бронетранспортёрмен соқтығысты. Апат жергілікті уақытпен 15:40-та болған.
Aurora 17 әскери жаттығуына қатысқан Patria AMV броньды техникасының қалайша рельске шығып кеткені белгісіз болып отыр. Ал жолаушылар пойызы Нючёпингтен Стокгольмге келе жатқан, деп жазады жергілікті Sоdermanlands Nyheter басылымы.
Пойызда 70-ке жуық жолаушы болған. Төрт адам, оның ішінде машинист, екі әскери және бір жолаушы жарақаттанды. Оларды тікұшақпен ауруханаға алып кеткен.
Апат орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Келеңсіз жағдай салдарынан Нючёпинг - Стокгольм бағытындағы барлық қозғалыс тоқтатылды.
Aurora 2017 - ұлттық әскери жаттығу. Ол елде 11-29 қыркүйек аралығында өтеді. Жаттығуға 19 мыңнан астам швед сарбаздары қатысуда